Жаңалықтар

Наурыздың Астаналық нақыштары

Шығыс жаңа жылында Астанада әдемі ойыншықтар мен безендіргіштердің орнына АҚШ, Бельгия сияқты елдердің өзін таңғалдырған әдемілігіне сөз жетпейтін ерекше жарық шашқан шоу өтеді. Бұл көріністі жарықтандыру саласының әлемге әйгілі дизайнері Курт Вермюлен Астана әкімдігі шақыруымен келіп көрсетпекші. Жарық шашу-шоуы 2013 жылдың 20 наурызында сағат 21.00-де Астананың әдемі жерлерінде көрсетілмекші.

Әдемілігі жағынан таңға­жа­йып бұл көрініс көрермендерді айрық­ша әсерге бөлейтіні сөзсіз. Дизай­нердің жарық беру­дегі өзіндік шығармашылық қабыл­дауы, сәулеттік жобаларға қа­тыс­­­­­ты эмоционалдық және ин­­­но­­­ва­­ция­лық көзқарастары, сон­дай-ақ, праг­матикалық, перфек­цио­нис­тік және техникалық білі­мін көркемдік әдісте пайдалануы мен автор­дың ой-қиялының жемісі осындай керемет өнер жасау­ға мүмкіндік береді.

Курт Вермюлен – 2010 жы­лы Сингапурдағы олим­пиа­да­лық ойындардың (SYOG) ашылу және жабылу салта­наты үшін жарық беру және муль­тимедиалық дизайннің негізін қалаушы. Архитектура­лық, ойын-сауық және көркем инсталляция саласындағы 20 жылдық жұмысы ішінде Курт Вермюлен көптеген шоулар өткізген. Сондай-ақ оның компаниясы әлемдегі көптеген ірі ғимараттар мен құрылыстарды жарықтандыруды жүзеге асырды. Соның ішінде Sainte Mari шіркеуі, De Klanderij коммерциялық орталығы, Opti­mum және Sanko Park, La Defense үшін бас жоспары, қаржы орталықтары, Еуропа бойын­ша Center Parcs-ге арнал­ған жобалар, Түркия, Таяу Шығыс, Азияда еңбектенді. 1999 жылы Курт бірнеше жобаларды, соның ішінде болашағы зор шоу Le Reve-ні жарықтандыруды жү­зеге асырды. 2005 жылдың сәуір айында Wynn Las Vegas Hotel & Casino-да әлемдік қауым­дас­тықты қайталанбас әдемі кө­рініс­терімен таң-тамаша қалдырды. Көптеген жарық беру­ші дизайнерлер арасынан Бельгия королі Альберт II билеушінің құрметі үшін қойылатын үлкен концертті жарықтандыруға Курт таңдалып алынды.

20 наурызда Курт Вермюлен Ас­тана тұрғындарына тілек біл­­ді­ру­шілердің барлығы көре алатын бірегей жарық шашу шоуын ұсынады. Оның жұмысы­ның ерекшелігі – жаңа визуалды дизайн әзірлеу, оның жаңашыл­дығы, бірегейлігі, бүгінгі сәулет өнеріндегі жетістікті әдістерді енгізуімен құнды. «Біз жаңа түр бойынша заманауи технологиялар мен бірегей жерлерден материалдар алып, тәжі­рибе жүр­гізудеміз. Біздің машық­тарымыз арасындағы симбиозаны бекіту бізге көркемдік тәжірибені же­тілдіре түсуге, түстің бұдан да ке­ремет бірегей мүмкіндіктерін ұш­тауға, өнер туындысы мен сәу­лет жо­баларының сара туындысын өмірге әкелуге мүмкіндік береді» деген Курт Вермюлен, бірақ астаналық шоудың бүге-шігесін айтқан жоқ.

Жарық шашу шоуы – Наурыз мейрамы мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралардың өзін­дік бір бастауы. Биылғы жылы Астана қаласының 15 жылдығы қарсаңында, қаламызда Шығыс Жаңа жылын ойдағыдай тойлау үшін республиканың барлық аймақтарынан делегациялар келеді. Қаз-қатар киіз үйлер тігіліп, халықтық көпшілік серуенге бүкіл қала тұрғындарының қатысуын қамтиды.

PS Журналистерге ың­ғай­лы болу үшін Астана қаласы­ның әкімдігі жарық шашу шоуы өткізілетін нысан­дарға баспасөз турын ұйым­дас­тыра­ды. Автобус журналистерді Астана қаласы әкімдігі ғимара­тының жанында күтеді. Толы­ғырақ ақпаратты 8 7172 910-845 телефоны арқылы алуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button