Елорда тынысы

Наурыз – архив деректерінде

Елордада «Наурыз – архив деректерінде» атты фотоқұжаттар көрмесі ашылды.

«Көрме әз-Наурыз мейрамына арналып отыр. Өздеріңізге мәлім, Президенттің тапсырмасымен Наурызды тойлау мүмкіндігі кеңейіп, жаңаша көзқараспен тойлануда. Наурызнама аясында Астана қаласының Мемлекеттік архиві қорымыздағы бай мұрамызды халыққа дәріптеу мақсатында Наурыз XX ғасырда қалай тойланғаны туралы құжаттар көрмесін арнайы ұйым­дастырып отырмыз» дейді Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин.

Көрмеде 1927 жылғы 16 наурыз­дағы Наурыз күнін өткізу жөніндегі Ақмола уездік атқару комитеті комиссиясының хаттамасынан үзінді, 1998 жылы Ақмола қаласында алғаш рет өткен Наурыз мерекесінің бағдарламасы, 1989 жылы 19 наурызда «Коммунизм нұры» газетінде Целиноград қаласының мәдени-ағарту мекемелерінің 1989 жылғы жұмысы туралы есептері жарияланған, Целиноград қалалық мәдениет бөлімінің 1990 жылы Целиноград қаласында Наурыз­ды мерекелеуге орайластырылған қалалық ақындар айтысы өткені туралы ақпарат есебі, Қ.Қуанышбаев атындағы Ақмола облыстық драма театры­ның әртістері дайындаған Нау­рызға арналған театрландырылған қойылым өткізгені, Целиноград қалалық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің 1991 жылы «Наурыз-91» жалпықалалық мерекесін дайындау және өткізу туралы фотоқұжаттары көпшілік назарына ұсынылған.

Сәбина Кәкімжан

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button