Қоғам

Наурыз мейрамына орай 1000 бауырсақ таратылды

Елорданың Байқоңыр ауданында Наурыз мейрамы қарсаңында 1000 дана бауырсақ таратылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы молшылықтың бастауы, ұлттық құндылықтарымыз жаңғырып, қазақы дастарханның молшылығы мен ұлттық тағамдарымыз көпке ұсынылатын мереке.

Осыған орай, аудан тұрғындары мен қала қонақтарына ыстық бауырсақ таратылды. Тұрғындар мерекелік құттықтауларын жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, 14 наурызда Қазақстанда Наурыз мейрамына арналған Наурызнаманың онкүндігі басталды. Осы 10 күн ішінде Астанада мерекеге орай 200-ден астам ауқымды іс-шара – концерттер, көрмелер, спектакльдер, шығармашылық кештер және т.б. өтуде.

Қаланың барлық ауданында түрлі мерекелік шаралар өтеді. 21-22 наурызда елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі» және «Бәйтерек» монументтерінің жанында, «Астана Арена» стадионы мен ЭКСПО алаңының аумағында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен негізгі мерекелік концерттер жоспарланып отыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button