Ел тынысы

Наурызда Астанада палау фестивалі өтеді

Астананың Орталық саябағында Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтіледі. Ұлыстың ұлы күніне орай жаппай мерекелер мен концерттер 21 және 22 наурыз күндері болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мереке күндері орталық саябақта палау әзірленеді. Астаналықтар үшін мерекелік тағамдарды Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінің аспаздары дайындайды. Бұдан бөлек, 18 ғасырдағы тарихи қазанда хан сорпасы әзірленеді.

Мейрамға Тәжікстан мен Иран елшіліктері ат салысады. Олар ұлттық нақыштағы киіз үйлерді безендіріп, өз мәдениеттеріндегі Наурыздың айырмашылығы мен ерекшеліктері туралы әңгімелейді.

Мерекелік шараның шақырылған қонақтары «Барыс»  хоккей клубының жұлдыздары болады. Олар тақырыптық киіз үйде қолтаңба таратып, спорт сүйер қауыммен кездеседі.

Жаппай тойлау кезінде қонақтар тақырыптық фото аймақтарда, ұлттық киіз үйлерде батырлармен, домбырашылармен, тазы және бүркітпен естелікті суретке түсе алады.

Мереке Тұран даңғылындағы орталық саябақта сағат 13:00-де басталады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button