Ел тынысы

Наурызнаманың екінші күні – Қайырымдылық күні

Бүгін қайырымдылық іс-шаралар өткізіліп, мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Бұл халқымыздың игі істер дәстүрін таратудың жалғасы болмақ. Мейірімділік, өзара көмек және тату көршілік – баршамызды біріктіретін, күш-қуат беретін қасиеттер.

Бүгін елордада Алматы ауданында коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ, мерекелік сусын – Наурыз көже үлестірілмек. Сол сияқты «Жанашыр» қарттар үйінде, №2 көпшілік кітапханада, Қуыршақ театрында, «Жастар» театрында Нұра ауданында түрлі іс-шаралар жоспарланып отыр.

Бұл күні сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Наурыз айы туғанда» концерті өтеді.

Сонымен қатар, 1000-ға жуық мұқтаж адамға азық-түлік себеті тапсырылады.  «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы волонтерлері тарапынан тұрғындарға бауырсақ пен шоколад таратылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button