1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні

Назарбаевтың ғана қолынан келді

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы жұдырықтай жұмылып, Нұрсұлтан Назарбаевты Президент етіп сайлады. 16 желтоқсан күні Президент Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады.

[smartslider3 slider=1183]

Бұл қазынаның қалтасы тесік, жұрт ішер асқа, киер киімге жарымай тұрған кез болатын. Сол кезде жүрегі дауалап, аты бар, заты жоқ Қазақстан сынды республиканы басқарып, әрі қарай оны тәуелсіздікке жеткізу кез келген кісінің қолынан келмейтін еді. Бұл тек Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан келді. Тұңғыш Президент күні мерекесі жыл сайын өтіп келе жатыр. Құтты болсын айтамын, бүкіл қазақстандықтардың дені сау, отбасы аман болсын. Қазіргі қиыншылықтың бәрінен аман-есен өтіп, халқымыз көздеген мақсатына жетсін деп тілеймін. Елбасы әлі күнге дейін халқына еңбек етуден аянып жүрген жоқ. Ол билікті ең қиын кезде алды, бізбен бірге тәуелсіздік алған кейбір елдер әлі күнге дейін оңала алмай, небір қиыншылықтарды көріп жатыр. Құдайға шүкір, біздің ел қиындықты тез еңсерді, соғыс болған жоқ, осыны бағалай біліңдер, айналайындар. Біз тәуелсіздіктің алдында да, алғашқы жылдарында да Елбасының қасында болдық. Ол кісінің күйзелген, қиналған сәттерін де көрдік. Бірақ қиыннан жол тауып, Қазақстанды осы күнге жеткізді. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Елбасымыз аман болсын! Жас ұрпақтар ешқандай қиындық көрмесін, өсіп келе жатқан жастардың ата-аналары ұрпақтарының қызығын көрсін, бейнетін көрмесін!

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button