«Назқоңыр» кешін ұсынды
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония «Назқоңыр» атты ән кешін өткізді.
Классикалық вокал бөлімінің солистері ән жанрының сан түрлі әуенін ұсынды. Бұл кеште қазақтың халық әндері «Назқоңыр», «Дедім-ай, ау», «Ғашығым» және басқа да шығармалар, сондай-ақ Ақан сері, Жаяу Мұса, Сегіз сері, Борис Ерзакович, Евгений Брусиловский, Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Мұқан Төлебаев, Кенжебек Күмісбеков, Ғазиза Жұбанова, Теміржан Базарбаев, Еркеғали Рахмадиев, Ескендір Хасанғалиев сынды көрнекті композиторлардың вокалдық туындылары орындалды. Қазақстан мәдениетінің ұлы мұрасына айналған бұл әндер филармония солистерінің орындауында фортепианоның сүйемелдеуімен шырқалды. Концертте Алтынбек Арыстанбек, Шахризада Тыныштық, Алтынбек Әбілда, Әйгерім Аманжолова, Талғат Аллабиринов, Нұрсәт Алмас, Фируза Рахметова, Саида Қалықова, Сүндет Байғожин өнер көрсетті. Концертмейстерлер – Роза Шоткалиева мен Назерке Махметова.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ