100 қадам - Ұлт жоспарыҚоғам

Негізгі мақсат – бәсекелестікті дамыту

Астана экономикалық форумы – Еуразиялық кеңістікте  жыл сайын өтетін үлкен халықаралық жиын. Елордада әр жылы әлемдік экономикалық қоғамдастықтың өкілдері, қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемдегі ғылыми саланың органдары мен бизнесмендері осы айтулы жиында бас қосады. Биылғы 25 мамырда өтетін  ІХ Астана экономикалық форумы аясында бәсекелестік мәселелеріне арналған «Бәсекелестікті ілгерлету: жаңа «ойын ережелері» атты сессия өткізу жоспарланған. 

ERM_8576

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес инс­ти­туционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарында монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және ЭЫДҰ (Эконо­ми­калық ынтымақтастық жəне даму ұйымы) стандарттарына сәйкес келтіру көзделгені белгілі. Бұл 53-ші қадамда қа­растырылған. Осы қадамды іске асыру барысында Қазақ­стан Республикасының мо­нополияға қарсы заңна­масын үздік ха­лықаралық тәжі­ри­беге және халықаралық стан­дарттарға сәйкес келтіру бағытында жұмыстар жүргі­зілуде. Форумда осы қадамның жай-жапсары да кеңінен тал­қыланатын болады.

100-kz
Астанада екі күн бойы өтетін биылғы экономи­калық форумы­ның басты та­қырыбы «Жаңа эконо­ми­калық шынайылық: әрта­раптандыру, инновация­лар және білім экономикасы» деп аталады. Сондай-ақ, экономикалық форум шең­берінде бәсекелестік мәсе­лелеріне қатысты арнайы кеңес өткізіледі.
Өткен жылы 29-30 қазанда Парижде ЭЫДҰ-ның бәсе­ке­лестік жөніндегі жаһандық форумның отырысы өткен еді. Оның бір сессиясы біздің еліміздегі құқық саласындағы бәсекелестік заңнамасына және саясатына сараптамалық шолу жасауға арналған болатын. Пікір білдірген білікті мамандар еліміздің жетістіктерін жан-жақты атап өтті. Биыл Қазақстан Республикасының монополияға қарсы реттеу қызметінің құ­рылғанына 25 жыл толады. Мұны атап өту де маңызды оқиға болып табылатыны сөзсіз.

111
Биылғы Астана эконо­ми­калық форумының бірінші күнін, яғни 25 мамырға ең негізгі шаралар жоспарланып отыр. Сессия бағдарла­ма­сында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Б.Сағын­таевтың, ЭЫДҰ-ның Бәсе­келестік жөніндегі коми­те­тінің төрағасы Фредерик Женни­дің және әлемнің жетекші монополияға қарсы органдары өкілдері баяндамалар жасайды. Сондай-ақ, сессияға қатысушылар ЭЫДҰ-ның стандарттарына және үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңна­масына енгізілген соңғы өз­герістермен танысады. Бұл сессияның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы экономикалық саясатын дамытудағы моно­полияға қарсы реттеу мен бәсекелестікті қорғаудың рөлін және оны одан әрі дамыту жолдарын айқындап көрсету. Соның негізінде болашақ бағ­дар белгіленеді.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button