Ел тынысы

Несие алудан ерікті түрде қалай бас тартуға болады?

Қаржы алаяқтығының деңгейін төмендету мақсатында Қазақстанда несие алудан ерікті түрде бас тарту шарасы енгізілді, оның аясында әр азамат өз атына кредит ресімдеуге тыйым сала алады. «Стоп кредит» қызметі egov.kz сайты арқылы және E-gov mobile қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Шектеуді компьютер арқылы енгізу үшін төмендегі нұсқаулықты орындаңыз:

  • kz сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз;
  • әрі қарай «Қызметтер» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметіне онлайн тапсырыс беру;
  • одан кейін барлық міндетті жолдарды толтырып, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қою қажет;
  • өтінім нәтижесімен жеке кабинетіңіздегі «Қызметтер тарихы» тарауынан таныса аласыз.

Аталған қызметті ұялы телефон  арқылы алу үшін:

  • E-gov mobile қосымшасына кіріңіз;
  • «Қызметтер» бөліміне өтіп, «Салықтар және қаржы» бөлімін таңдаңыз;
  • мәзірде «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» бөлімін таңдау қажет;
  • ЭЦҚ-кілт арқылы қызметті ресімдеуге келісім беріп, қол қойыңыз.

Осыдан кейін кредиттік тарихыңызда несие алудан уақытша бас тартқаныңыз туралы белгі пайда болады. Кредиттік ұйым несие бюроларынан деректерді сұрай отырып, мұндай шектеу белгісін көреді және автоматты түрде клиентке кредит бермеу туралы шешім қабылдайды. Егер адамның атына кредиттер ресімдеуге дербес тыйым салынғаннан кейін оның атына қарыз ресімделсе, онда берешек автоматты түрде жойылады.

Маңызды: қызметті кез келген уақытта өшіруге болады. Шектеу ломбардтарға, сондай-ақ өз клиенттерінің кредиттік тарихына баға бермейтін басқа ұйымдарға қолданылмайды.

2024 жылдың 30 желтоқсанындағы мәлімет бойынша, «Стоп кредит» қызметін 920 мыңнан астам азамат пайдаланған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button