Жаңалықтар

НОБЕЛЬ АКАДЕМИЯСЫ АЛЫСТАН ОҚЫТАДЫ

нобель-(2)

Астанада «Nobel іnternational ғraternity аcademy» өкілдігі ашылды. 

Швейцарияның Цюрих қаласында орналасқан академия онлайн жүйесіндегі қашықтықтан оқыту үлгісін ұсынады. Оқу мерзімі – 3-4 жыл.
Оқу орнының басшысы Филип Нобель (Нобель әулетінің мүшесі) орталықтың ашылу салтанатында: «Астана қаласында Нобель ака­демиясының өкілдігін аша отырып, біз қазақстандық білім беру жүйесіндегі көз­делген нақты қадамдардың жүзеге асуына ықпал ететін боламыз» деді. Академияның «A Levels» бағдарламасына қабылдау емтиханы жақын арада басталмақ. Орта мектеп оқушылары биология, физика, химия, математика, экономика, бизнес бағдарламалары мен ағылшын тілі бойынша «Alevel» (Advansed level) курсынан өтеді. Аталмыш курстарды тәмамдаған соң оларға әлемнің кез келген алдыңғы қатарлы оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін Британ сертификатын алады. «Нобель академиясы
«A Levels» бағдарламасы бойынша қазақстандық оқушыларға 3-5 грант бө­луді жоспарлап отыр. Біз білімдерін ағылшын тілінде жалғастыруға талапты жас өрендерді күтеміз» деді Ф.Нобель. Сонымен қатар, академия Ресейдің, Ұлы­бри­танияның және АҚШ-тың белді оқу орындарымен бірлесе отырып, магистрлік оқу бағдарламасын ұсынады.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button