Қоғам

Норма шығару қызметінде жасанды интеллектті қолдану мәселесі талқыланды

Конституциялық Соттың судьялары «Заң шығармашылық үдерісінің тиімділігін арттыру: нормашығармашылық қызметте жасанды интеллект пен қоғамдық мониторингтің автоматтандырылған жүйесін қолданудың әдістемелік тәсілдері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz

Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде жасанды интеллекті енгізу процесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін сақтаудың маңыздылығын және норма шығару мен сот төрелігінің сапасын тиімді қамтамасыз ету үшін өзекті деректер базасының перспективасын атап өтті.

Шараны Парламентаризм институты Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері мен Қазақстан, Ресей және Польша сарапшылары қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button