Мәселе

Нөсер кәріздері жеткілікті ме?

Бас қалада нөсерлі жаңбыр кезінде көшелерді су басу проблемасы бар екені жасырын емес. Бұл құбылыстың негізгі себебі – жауын-шашын түсетін нөсерлі кәріз құбырларының ластануы. Қолданыстағы нөсер кәріздерінің қуаты жеткіліксіз екенін ескере отырып, жаңасын салу, коллекторларды кеңейту бойынша қалада жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

[smartslider3 slider=3448]

Қазіргі уақытта бас қала балансында 300 шақырымнан астам құбыр, 20 мыңға жуық қарау және жаңбыр қабылдағыш құдық, 13 тазарту құрылыс­ы, 3 жинақтау тоғаны, 56 дренаж және айдау сорғы стансалары және әртүрлі аудандағы 45 шақырым лоток-арық жүйесі бар.

2019 жылы 14 шақырым кәріз желісі жөнделіп, Мыңжылдық аллеясы ауданындағы екі учаске бойынша нөсер кәрізі мәселесі шешілді.

2020 жылы қалада су басқан 12 учаске болса, жыл соңына дейін осы учаскелер ауданындағы нөсер кәрізі нысандарын тазарту аяқталып, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Тәшенов, Бараев, Мүсірепов көшелері бойынша су басу болған жоқ. 21,5 шақырым кәріз желісі жөнделіп, «Пригородный» тұрғын алабында және Алаш тасжолы бойындағы логистикалық орталық ауданында тазарту жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ «Ильинка» тұрғын алабында кәріз желілерінде апатты жағдайларды жою жеделдігін арттыру үшін КСС-44 аумағында кәріз қызметінің бригадаларына арналған тұрмыстық үй-жайы бар база салынды.

2021 жылы Иманов, Бараев, Уәлиханов және Тәшенов көшелері мен Момышұлы, Тәуелсіздік, Тұран, Ұлы дала даңғылдарындағы нөсер кәрізі жүйесін қайта жөндеу аяқталды.

Қаладағы 16 елді мекенде 13,5 шақырым инженерлік желі, 5 шақырымнан астам кәріз және су құбыры, 3 шақырымнан астам нөсер кәрізі және т. б. салынды. Соңғы екі жылда тазарту құрылыс­тарының саны 5-тен 12-ге дейін ұлғайды, ал су жинау алаңы 6,3 мың гектарға ұлғайды.

2022 жылы 3 ірі нөсер кәрізі мен тазарту құрылысын салу көзделуде. Сонымен қатар «Жастар» шағын ауданындағы тазарту құрылысы алаңының үстінде абаттандыру және көгалдандыру жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, биыл 130 шақырым сумен жабдықтау және су жеткізу желілері, 85 шақырым нөсер кәрізі, қосалқы станса және 177 шақырым электр желілері, 23 шақырым жылумен жабдықтау желілері, нөсер кәріздерін тазартатын 3 кешеннің құрылысы жүргізіледі. Мұның барлығы қала тұрғындарының өмір деңгейін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button