Мәдениет

«NS Жас Жігер» жобасы басталды

Кеше қалалық «Көктал» саябағында «NS Жас жігер» жобасы аясында өткізілетін футбол турниріне қатысушы командалар анықталды.

[smartslider3 slider=3499]

Бұл бастама NEET санатындағы жастарды әлеу­меттендіруге, дамытуға бағытталған. Сауда орындарында және жұмыссыз жүрген жастар арасында баскетбол, волейбол және футбол бойынша турнирлер ұйымдастырылады.

«Жоба жыл соңына дейін жалғасады. Онда тек спорттық турнирлер ғана емес, мамандандырылған мектептерде әлеуметтанушылар мен психологтардың қатысуымен жасөспірімдерге, оның ішінде есепте тұрған жастарға арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған» дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қонақбаев. Футбол турниріне елордадағы сауда орындарынан 16 команда қатысады.

Айзада ЖАЙЫҚҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button