Мәдениет

«НҰР –АҒАНЫҢ» ӘН КЕШІ

Астанадағы «Конгресс-холл» сарайында 1 сәуір күні Халық Қаһарманы, бір сөзбен түйіп айтқанда, ұлтымыздың ұлы тұлғасы Нұрғиса Тілендиевке арналған «Нұр-аға» атты гала-концерт өтеді.

04-1

Нұрғиса атамызды білмейтін қазақ кемде-кем. Оның асқан домбырашылдығы мен ғажайын әуендерді туғызған компазиторлық қыры және азаматтық келбеті жайында түн асырып сөйлеуге болады.Талантты тұлғаның өмірі мен өнері де қырдағы қызғалдақтай бүр жарып өсіп келе жатқан жас ұрпаққа мәңгі үлгі. Әрине, біз жоғарыда «Ұлы» деген сөзді әдейі айтқан жоқпыз. Шын мәніндегі осы ұғымға толық жауап беретін санаулы ғана сиректерді бірі – Нұрғиса Тілендиев екендігі даусыз.

Жыл сайын бас қалада ардақты азаматтың туған күніне орай еске алу кеші өтіп келеді. Біз айтып отырған ізгілікті шара да соның заңды жалғасы. Айтулы өнер кешінде бұлбұл дауысты Бибігүл Төлегеновадан бастап, Нұрғали Нүсіпжанов қостаған, Нұржамал Үсенбаева, Айгүл Үлкенбаева секілді қазақтың әні мен күйін биікке көтеріп жүрген дарынды өнерпаздар қатысады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button