Қоғам

Nur Otan жұмысын жаңғырту бағдарламасы талқыланды

Nur Otan партиясы қалалық активінің жиналысында партияның елордалық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов 25 қарашада өткен партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасының партия жұмысын жүйелі жаңғырту туралы тапсырмасын түсіндірді.Nur Otan партиясының «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы іске қосылды. Басым бағыттардың бірі – «ядролық электоратты» шоғыр­ландыру, партияға жаңа есімдерді тарту. Сондай-ақ праймериз – партияішілік ашық іріктеуді енгізу қажет. Әрбір мәслихаттың сайлауалды партиялық тізіміне кемінде 30 пайыз әйел және 35 жасқа дейін 20 пайыз жас адамдар қосылуы тиіс. Сонымен қатар тізімге халықтың түрлі санатының өкілдері, Отанына оралған қандастарымыз, мүмкіндігі шектеулі адамдар, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері кіруі тиіс» деген қала әкімі А.Көлгінов Елбасының партия басшылары мен мүшелерінің жауапкершілігін жергілікті деңгейде арттыруға ерекше назар аударғандығын айтты.
Сайлауалды бағдарламалардың негізі аумақтарды дамытудың жаңа бесжылдық бағдарламаларынан тұруы тиіс. Жауапты тұлғалар қоғамдық кеңістік орындарын тұрғындардың пікірі мен өтініштерін ескере отырып дамытатын болады. «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бөлінген қаражаттың жұмсалуына нақты партиялық бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Келесі жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау, шағын және орта бизнестен түсетін қосымша салық түсімдерін өңірлерге беру және халықты жергілікті бюджеттерді қалыптастыруға тарту туралы бірқатар тапсырмалар күтіледі» деп атап өтті А.Көлгінов. Сондай-ақ А.Көлгінов жаңа мүшелерге партиялық билеттер табыс етіп, «үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button