Әлеумет

Нұра ауданында ағаш отырғызылды

2025 жылғы 12 сәуір күні «Барыс Арена» спорт кешенінің аумағында сенбілік өтті. Оған депутаттық корпус өкілдері, министрлік, әкімдік қызметкерлері және басқа да экоактивистер қатысып, жиында барлығы 150-ге жуық көшет отырғызылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталмыш шара қала тұрғындарын елорда аумағын көгалдандыруға жұмылдыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау.

Естеріңізге сала кетейік, сенбілік жұмыстары «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында жүргізілуде.

Сонымен қатар, Нұра-Есіл каналының жағалау аймағында қалалық инфрақұрылымның негізгі объектілерінің бірі – контрреттегіштің жанындағы айналма жол аумағын жинау жұмыстары жүргізілді.

Аталған акцияға 100-ге жуық адам қатысты, олардың ішінде мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар, еріктілер де бар.

Жиналған аумақтың жалпы ауданы 5га жуық, ал жиналған қоқыстың көлемі 6 тонна.

Барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы және Астананың тазалығы мен абаттандырылуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button