Ел тынысы

Нұра ауданында зейнеткерлер тоғызқұмалақтан жарысты

Нұра ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша жарыстар өтті. Жарысқа аудан ардагерлері кеңесінің мүшелері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«Бұл «Нұра» ауданында жақында ашылған белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өткізіліп жатқан бірінші мерекеміз. Болашақта мұнда түрлі қызықты іс-шаралар өткізетін боламыз», – деді «Нұра» ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтмағамбет Аипов.

Тоғызқұмалақ – ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген зияткерлік ойыны. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты – елорда тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау.

«Нұра ауданының ардагерлер кеңесімен және спорт дирекциясымен бірге тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан турнир өткіздік. Қатысам деген адамдар көп болды, бірақ біз 14 қатысушыны іріктеп алдық. Ең жас қатысушы – 60, алды – 82 жаста», – деп атап өтті аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкері Ләззат Өтеғұлова.

«Тоғызқұмалақты 2 жылдан бері ойнап жүрмін. Қалалық деңгейге де шықтық. Сонымен қатар, мен шахмат ойнаймын. Екі ойын да математикаға бағытталған. Егер шахаматтарда ойыншының алдында фигуралар болса, онда тоғызқұмалақта ондай нәрсе жоқ. Сондықтан барлық ой мен көңіл ойында болу керек. Тек сонда ғана нәтиже болады», – дейді турнир қатысушысы Жібек Бекбаева.

Турнир жеңімпаздары естелік сыйлықтар мен кубоктарға ие болды. Тоғызқұмалақтан өткен жарыс көктемгі Наурыз мерекесіне орайластырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button