Құқық

Нұра ауданындағы дүкен иелері насвай мен снюс сатқаны үшін жазаланды

Нұра ауданының әкімдігі қалалық полиция департаментімен бірлесіп, насвай мен снюстерді заңсыз сату жағдайларын анықтау бойынша кезекті рейд өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Рейд барысында мониторингтік топ Нұра ауданының ірі тұрғын үй кешендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерді. Рейд нәтижесінде насвай мен снюс үш дүкеннен табылды.

Полиция қызметкерлері жалпы сомасы 25 мың теңгеге шамамен 40 қорап насвай мен 20 қорап снюс тәркіледі. Дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 92 300 теңге (25 АЕК) айыппұл салынды.

«Біз жаман әдеттердің алдын алу қағидаттарын ұстана отырып, жастардың осы өнімге қолжетімділігін шектеуге тырысамыз. Бұзушылықтар үшін қатаң жауапкершілік шаралары, соның ішінде ірі айыппұлдар қарастырылған. Кәсіпкерлердің есіне салғым келеді: вейп, насвай және снюс сатуға тыйым салуды сақтау – бұл заңның талабы ғана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы моральдық жауапкершілік. Нұра ауданында мұндай мониторингтік іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 230-ға жуық дүкен тексерілді, біз бұл жұмысты жалғастырамыз», – деді Нұра ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Батырхан Жанпейісов.

Бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жастар арасында жаман әдеттердің алдын алуға және кәсіпкерлердің заңнаманы сақтағаны үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Іс-шара барысында дүкен сатушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тексеріс Астананың барлық ауданында тұрақты негізде жүргізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button