Мәдениет

Нұрғиса, «Құстар әні»…

2-4 сәуір күндері Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы көрнекті күйші-композитор, дирижер, Халық қаһарманы, КСРО халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар әні» атты республикалық фестивалін өткізеді.

Фестивальдің мақсаты – ұлы композитордың бай мұрасын дәріптеу, оның шығармашылығын бүгінгі және болашақ ұрпаққа насихаттау, ұлттық музыка өнерін дамытуға үлес қосу, қазақ музыкасына тағзым көрсету, ұлттық өнерімізді ұлықтау. 2 сәуір күні фестиваль аясында дөңгелек үстел отырысы, «Қызыл кілем» салтанаты, және фестивальдің ашылуы өтеді. 3 сәуірде өңірлердегі филармония ұжымдарының концерті, ал 4 сәуірде фестивальдің жабылу салтанаты ұйымдастырылады.

«Ұлы композитордың мәңгілік мұрасы – қазақ музыкасының алтын қазынасы. Оның күмбірлі сазы дархан даланың рухын тербеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалға­сады. Бұл іс-шара – сол асыл мұраны дәріптеп, ұлттық өнеріміздің мерейін үстем ететін ерекше рухани кеш» дейді ұйымдастырушылар.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button