ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

«Нұрлы жердің» игілігі

Алматы ауданында 808 көппәтерлі тұрғын үй орналасқан. Оларға 140 қызмет көрсету ұйымы, 101 МИБ қызмет көрсетеді. Сондай-ақ ауданда жеке секторда 7334 жер үй орын тепкен. 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ескі, апатты үйлер сүріліп жатыр.

Аудан әкімдігі қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инс­пекциясы басқармасымен бірге 41 үйдің тізімін жасады. Бұл тізім аталмыш үйлердің техникалық тексеруін өткізу және апаттық жағдайын анықтау мақсатында әзірленді.
Үш үйдің апаттық жағдайы бойынша нақты қорытынды жасалды. Соның ішінде 1978 жылы салынған Шалкөде, 7 мекенжайындағы 22 пәтердің 63 тұрғынын биыл көшіру туралы шешім шығарылды. Қалған екі үйдегі – 1960 жылы салынған Марков, 2 мекенжайындағы 16 пәтердің 48 тұрғынын және 1966 жылы бой көтерген Атамұра, 11 мекенжайындағы 6 пәтердің 18 тұрғыны 2023 жылы көшіріледі.
Қалған 38 үй бойынша техникалық тексеру осы жылдың аяғына дейін және келесі жылы өткізіледі. Атап айтқанда, 20 үй – осы жылы, 18 үй келесі жылы тексеріледі. Қазір жыл сайын сүрілетін үйлердің санын көбейту міндеті тұр.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көппәтерлі үйлерді жөндеу де жүргізіліп жатыр. 2011-2019 жылдары бұл бағдарлама шеңберінде 81 үй жөнделді. Соның ішінде 64 үйге күрделі жөндеу, 17 үйге ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ 58 көппәтерлі үйдің 79 лифті ауыс­тырылды. 2020 жылы 687 млн теңге сомасына 19 көппәтерлі үй жөнделді.
Былтыр республикалық бюджет есебінен 615 млн теңгеге 15 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу өткізілді. Бұл – Маяковский, 7, Күйші Дина, 42/2, Сәтбаев, 8, Сәтбаев, 7/1, Жұмабаев, 5, Манас, 23/5, Мүсірепов, 6/2, Күйші Дина, 40/1, Қажымұқан, 16, Шалкөде 2/1, Абылай хан, 5 А, Жирентаев, 21, Рысқұлбеков, 27, Қажымұқан, 14/1, Абылай хан, 4 мекенжайларындағы үйлер.
Жергілікті бюджет есебінен 72 млн теңгеге 4 көппәтерлі үйге ағымдағы жөндеу жүргізілді (Мүсірепов, 5/1, Момышұлы, 15/1, 15/2, Тәуелсіздік 26/1). Сондай-ақ жергілікті бюджет қаржысына Қордай, 75 мекенжайында 12 лифт ауыстырылды.
Осы жылы 9 көппәтерлі тұрғын үй жөнделіп жатыр (Қажымұқан, 18/2, Күйші Дина 7, 3/1, Мүсірепов, 7/3, Ш. Кұдайбердіұлы 2/4, 19/3, Петров 26/1, Маяковский 3, 3а). Осы уақытта жөндеу жұмыстары аяқталып қалды.
Сонымен қатар 19 лифтті ауыстыру жоспарланды (Рысқұлбеков, 7 – 4 лифт, Қалдаяқов, 1 – 12 лифт, Б.Момышұлы, 7 – 3 лифт). Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен – 347,3 млн теңге.
Талдау қорытындысында Алматы ауданында 101 үйдің күрделі және ағымдағы жөндеуін өткізу керектігі, 20 көппәтерлі үйде 80 лифтті ауыстырып, 43 көппәтерлі үйде 168 лифтті жөндеу қажеттігі анықталды. Осы мәселе бойынша жыл басынан 91 жиын ұйымдастырылды. 2022 жылға 10 үйде жөндеу жоспарланған. 4 үй бойынша барлық құжаттар дайын. Бұл –  Абылай хан, 17, Петров, 3, Абылай хан, 25/1, Қ.Рысқұлбеков, 6 мекенжайларындағы үйлер.
6 үй бойынша жобалық-сметалық құжаттама сараптамаға жіберілді (Қ.Рысқұлбеков, 11/2, Абылай хан, 11/4, 37, А.Тоқпанов, 41, Петров, 2, Қажымұқан, 6/1).
Сонымен қатар 5 көппәтерлі үйде 9 лифтті ауыстыру жоспарланды (С.Нұрмағамбетов, 31 (1 лифт), Ш. Қалдаяқов, 1 (3 лифт), Б. Майлин, 9 (1 лифт), Б. Момышұлы, 19/1 (2 лифт), Қажымұқан, 6/1 (2 лифт).
 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button