Жаңалықтар

«Нұрсая-1» үйінің төбесінен өрт шықты

Кеше сол жағалаудағы ең көрікті үйлердің бірі – «Нұрсая-1» тұрғын үй кешені төбесінде өрт тұтанды.

  Өрт оқиғасы туралы «101» қызметіне 18 сағат 42 минутта хабар түскен. Ал Астана қаласының ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері әп-сәтте оқиға орнына жетті. 15 техника және 60 адам үйдің шатырында тұтанған жалынын ауыздықтауға кірісіп кетті.

   Арада 44 минут өткенде өрт ошағы толығымен сөндірілді. Отқа төрт метр аумақ қана оранып үлгерген.

   ТЖ департаментінің ақпараты бойынша зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері тексерілуде.

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button