ЖаңалықтарМәдениет

НҰРСҰЛТАН – ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ

Ән жүрегім – Астана!

Бес жыл бойы өткізіліп келе жатқан «Ән жүрегім – Астана!» жас орындаушылардың байқауы биыл да жалғасын тапты. Конгресс-холда өткен гала-концерт барысында республикалық ән бәйгесінде топ жарған орындаушылардың есімдері анықталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы уақыт ішінде Астана туралы 100-ден астам ән жазылыпты. Бұл жолы байқауға қатысушылар тыңдаушылардың назарына елордамыз туралы 25 авторлық ән ұсынды. Елорда туралы үздік әндерді көпшілікке таныстыруда республикамыздың түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар аянып қалмады. Солардың арасында Орал қаласынан келген Нұрсұлтан Қарабалиев Гран-при жүлдесін жеңіп алса, астаналық «Тенгри» тобы үздік атанды. Ал, екінші орынды елордалық «Ұмай» тобы және үшінші орынды қостанайлық Әсел Іргебай иеленді.

«Ән жүрегім – Астана!» республикалық конкурсында өнер көрсеткені үшін «Үміт» аталымы бойынша астаналық Әкімхан мен Милана дуэті, әнге өзіндік үн қосқаны үшін павлодарлық Азамат Сатханов, заманауи өнер көрсеткені үшін елордалық Ақмаржан Байназарова, «Үздік мәтін» аталымында семейлік Айдана Каткешова дипломмен марапатталды.

Жас орындаушылардың, композиторлар мен авторлардың жұлдызын жағуға септігін тигізген гала-концертте «Арнау», «Кешью» топтары, Әли Оқапов, Луина, Маржан Арапбаева, Тамара Асар, Марат Омаров, Зарина Омарова, Серік Ибрагимов, Ерлан Көкеев пен «К7» тобы өнер көрсетті.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button