Басты ақпарат

Нұрсұлтан Назарбаев: Астана Азияның жетекші қаржы орталығына айналуы керек

Осы аптаның айтулы оқиғасының бірі – «Астана» халықаралық қаржы орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтіп, оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Рәсімнің алдында Елбасы отандық және шетелдік компаниялардың цифрлық технологияларының көрмесін аралап көріп, цифрлық қаржылық технологиялар саласындағы инновациялық әзірлемелермен танысты. Жиылған халық алдында сөйлеген сөзінде барша жұртты «Астана» халық­аралық қаржы орталығының ресми ашылуымен құттықтады. «Біз Астана үшін осынау ауқымды әрі маңызды шараға көңіліміз ерекше толқып, зор қуанышпен келіп отырмыз. Қазақстан – ғасырлар тоғысында кең далада әсем астана тұрғызған әлемдегі жалғыз мемлекет. «Астана» халықаралық қаржы орталығы – тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа кезеңінің бастауы» деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент ресми ашылуға арнайы келген әлемдегі 50-ден аса мемлекеттер, халықаралық ұйымдар өкілдеріне, Әбу-Даби әмірлігінің ханзадасы, БАӘ Қарулы Күштерінің жоғары бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл-
Нахаянға, Татарстан президенті Рустам Миннихановқа алғыс білдірді. Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының тұсаукесер рәсімін Астана мерейтойы қарсаңында өткізудің символдық мәні бар екенін атап өтті. «Астана Еуразиялық кеңістіктің мойындалған орталығына айналды және қазіргі заманның ең өзекті деген мәселелері жөнінде халықаралық түсіністікті қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мұнда бизнес қарқынды дамып келеді, шамамен 100 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істейді» деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол елордада технологиялық және мейлінше жайлы тіршілік ортасын қалыптастыруға бағытталған «Ақылды қала» тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөнінде айтты.
Мемлекет басшысы қаржы
орталығының құрылуы халық­аралық бизнес қауымдастығының біздің елге деген сенімінің және табысты даму жолымызға берген жоғары бағасының белгісі саналатынын айтты. Елбасы халықаралық қаржы орталығын құру туралы идеяны алғаш рет 2015 жылы жаһандық жаңа сын-тегеуріндерге қарсы тұрудың бірден-бір жолы ретінде ұсынғанын атап өтті. «Бүгінде елімізде ауқымды құрылымдық және институционалдық реформалар жүзеге асырылуда. Олар Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылуына бағытталған» деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев елімізде бизнес ахуалды жақсарту және құқықтық ортаны жетілдіру үшін жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы жетекші қаржы орталықтарының тәжірибелері мен олардың құрылу тарихын мұқият зерттеу нәтижесінде ашылғанын айтты. «Қаржы орталығының қазақстандық моделі әлемдік қаржы құрылымдары қызметтерінің ең үздік тәжірибелерін басшылыққа алған. Бұл орталық Қазақстан Республикасының резиденттерімен де, резидент емес субъектілермен де жұмыс істейтін болады. «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне қатысушылар Қазақстан мен оның өңірлерінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемнің капиталына қол жеткізе алады» деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев қаржы орталығының құқықтық мәртебесі конституциялық заңмен бекітілгеніне және оның ресми тілі ағылшын тілі екеніне назар аударды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне қатысушыларға 50 жылға дейін салықтық жеңілдіктер, сондай-ақ жеңілдетілген валюта, виза және еңбек режімдері қарастырылған. Бұл – жұмысы ағылшын құқығына негізделген өңірдегі жалғыз орталық. Тәуелсіз сот пен Халықаралық арбитраж орталығы әділетті болуға және тараптардың құқықтарын сақтауға кепілдік береді» деп қадап айтты Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, ол «Астана» халық­аралық қаржы орталығында тиісті сенім ахуалы мен тиімді ынтымақтастық қалыптасқанын айтты.
Сонымен бірге, Қазақстан Президенті орталықтың ашылуымен бір мезетте өз жұмысын бастайтын «Астана» халықаралық қар­жы орталығы биржасының қызметіне де тоқталды. Елбасының айтуынша, қазіргі уақытта «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында активтерінің жалпы көлемі 34 миллиард доллар болатын 14 жергілікті және халықаралық брокерлер бар. Бұл көрсеткіш арта береді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев биыл исламдық құнды қағаз – «сукукты» шығару жоспарланып отырғанын айтты. «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің маңызды саласы – инновациялық қаржы технологияларын дамыту үшін тиімді орта қалыптастыру. Жаңа қар­жы технологиялық өнімдерді сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін «реттеуші сынақ алаңы» жұмыс істейтін болады. Капитал нарықтарын дамыту және жеке тұлғалардың қаржысын басқару да «Астана» халықаралық қаржы орталығының басымдығы болып саналады» деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаңадан құрылған Экспат орталығы жұмысының ерекшеліктеріне тоқталды. Экспат орталығы визалық көші-қон, салық, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету және әкімшілік полиция қызметтерінің бір орталықтан қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Мұнда әлемнің жетекші қаржы институттарының өкілдіктері ашылуда. Елбасының пайымдауынша, осы мүмкіндіктер мен ресурстардың бәрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Сөз соңында Президент шетелдік инвесторлар мен отандық кәсіпкерлерді халықаралық қаржы орталығының қызметін пайдалануға шақырды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының барлық әріптестеріне белсенді қолдауы мен орталықты құру ісіне атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді. «Астана өңірдегі негізгі қаржы хабына айналуға тиіс. Ал, келешекте Азияның жетекші қаржы орталықтарының қатарына қосылуы керек» деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ижлал Алви, Халықаралық ислам қаржы нарығының төрағасы:

          – Қазақстанның бұл бастамасы сукуктың жаһандық нарығының дамуына септігін тигізеді. Себебі ол дұрыс құқықтық негізді қамтамасыз етеді. АХҚО бұл мәселеде маңызды рөл атқарады. Ақша аударымы, төлем жасау, салық мәселесінде дұрыс ұйымдастырылған платформаға ие болуымыз керек. АХҚО-да бұл айтқандардың барлығы бар деп ойлаймын. Қаржы орталығының басты мәселесі – құқық жүйесі. Шариғат пен оның барлық элементтері оған кейін қосылуы мүмкін. Сонымен бірге, сукук пен әдеттегі келісімнің айырмашылығы туралы айтып өту керек. Өйткені біз оны «міндет» деп қарамаймыз. Ол стандарттау ұйымының құжаты емес. Сол себепті, біз оны «сукук» деп айтамыз. Ең басты айырмашылық, дәстүрлі құжатта барлық мәселе есепшілік теңгермеге байланысты. Сметаға сенім арта алмайтынды
 

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button