Басты ақпаратЖаңалықтар

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Астананы кім басқаратынына немқұрайлы қарай алмаймын

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының активімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы елорданың жаңадан тағайындалған әкімі Әсет Исекешевті құттықтап, жұмысына жетістік тіледі.

??????

«Бұл қаланы кім басқараты­нына мен немқұрайлы қарай алмаймын. Ол тәжірибелі, білімді, Қазақстанға танымал, ел­­ор­­да­ның мүддесін қорғай оты­рып, үкіметпен жұмыс істей алатын адам болуға тиіс. Мен Әсет Исекешевті сондай адам деп есеп­теймін. Бүгін мәслихаттың келі­сімімен тағайындалған жаңа әкімді құттықтаймын» деді Елбасы.
Кездесу алдында қалалық мәсли­хаттың сессиясы болып өткен болатын. Онда депутаттар Ас­тана қаласының жаңа әкімі Ә.Исекешевтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.
Астана қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін Әсет Өрен­тайұлы ҚР Инвестиция және даму министрі лауазымын атқарған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button