Жаңалықтар

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

Наурыз ықылым заманнан, неше ғасырдан бері елдің жадында қалған. Тәуелсіздігімізбен бірге қайта оралған тамаша мереке болып саналады. Бүгінгі күнді біздің бабаларымыз Ұлыстың ұлы күні, алысты жақындатып, жақынмен қауышып, болашаққа ұмтылатын кез деп санаған.

Әлем үшін үлкен бір мезгіл болып саналатын 21 жылдың ішінде адам таңғаларлық қыруар дүниелер атқарылды. Бұрын-соңды болмаған қазақ мемлекеті құрылды. Қазақ бүкіл дүниеге танылды, мемлекетіміздің терезесі ұлы елдермен тең болды. Қай жағынан алып қарасақ та, дүниежүзінде Қазақстанға деген құрмет ұлғайды. Экономикамыз өсіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды.

Біз 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын қабылдадық. Біздің мақсатымыз – әлемнің жетекші 30 елінің қатарына кіру. Біз алдымызға өте батыл мақсаттар қойдық. Ол қыруар жұмысты, үлкен қажыр-қайратты талап етеді. Біз барша қазақстандықтардың жақсы өмір сүруі үшін ұзақ мерзімді даму жолын таңдадық.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button