Жаңалықтар

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Тәуелсіздігімізді қорғап, оны қастерлеуден асқан мәртебе жоқ. Тату еліміздегі тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету өздеріңізге тікелей байланысты. Сіздер өз борыштарыңызды аса біліктілікпен атқарып келесіздер. Қазақстанның тұрақтылығы мен халқымыздың амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет. Осының бәрі де сіздердің бойларыңыздан табылады деп ойлаймын. Қарулы Күштер, құқық қорғау органдары және арнайы қызметтің тиісті бөлімдерінде қызмет ете жүріп, сіздер осынау жоғары атаққа лайықты болдыңыздар. Сіздер патриотизм мен тиісті шеберлік көрсете отырып, өз қызметтеріңіз арқылы Отанға одан әрі адалдық таныта бересіздер деп сенемін. (Кеше Ақордада, мемлекеттік наградалар тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінен)

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button