Жаңалықтар

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті

«Бір кездерде Азия әлемнің кіндігі болған. Білім мен ғылым, әдебиет барлығы Азиядан тарады. Ал бірінші технологиялық революция басталған кезде өнім бойынша Шығыс Батыс-тан артта қалды. Бірақ та кейінгі 10 жылдықтың ішінде Қытайдың, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Малайзияның, Сингапурдың, Үндістанның өсіп-дамуы арқасында қазіргі дағдарыстан шығуға мүмкіншілік болды. Егер де сондай дамыған экономика болмаса, дүниежүзіне дағдарыстан шығу қиынға түсер еді. Алайда әлі де Азия Батыстың алдына түсіп кетеді деп айтуға болмайды. Себебі, оның алдындағы өскен, өркендеген технология соларда жатыр. Кім біледі, мынадай дағдарыстан кейін тағы да бір аттап, жаңа дәрежеге көтерілетін боламыз, мүмкін Батыс дүниені тағы да бастап кетуі ықтимал. Менің ойымша, Азияға әлі де көп жұмыс істеу керек. Әрине, өсіп-өркендеу бар, бірақ жұмыстар әлі көп-ақ».

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button