Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Akorda

Елбасы Мәскеу қаласындағы баспаханада шыққан өрт пен Бішкек-Ош тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан Қырғыз Республикасы азаматтарының қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев аза тұтып жатқан бауырлас қырғыз халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button