#Жаңа Қазақстан

Нұрсұлтан Тәжен, бақылаушы: Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр

Астанадағы №363 сайлау учаскесінде 2919 сайлаушы тіркелген. Сағат 10.00-ге дейін мұнда 200-ге жуық адам дауыс берді.

– Сайлау барысы заңға сәйкес өтіп жатыр. Тәртіп бұзу, келеңсіз оқиғалар орын алған жоқ. Индонезия және Тайвань елдерінен келген халықаралық және өз елімізден тағайындалған бақылаушылар бәрін қадағалап отыр, – дейді №363 сайлау учаскесінің төрағасы Айдос Жанат. 

«Аmanat» партиясынан тағайындалған бақылаушы Нұрсұлтан Тәжен таңнан бері сайлау барысын бақылап отырғандарын айтып, сайлау ойдағыдай өтіп жатқанын жеткізді. 

– Президенттің бүгінгі кезектен тыс сайлауына ел болып белсенді қатысуға шақырамын. Себебі барша адам өзінің таңдауын жасауға құқылы. Халық дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын. Мен де өз таңдауымды жасадым, – дейді осы сайлау учаскесінде дауыс берген Гүлжан Бектұрғанова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button