Жаңалықтар

НҰРЫҢ ШАШЫП, ӘЛЕМДІ КӨРКЕЙТЕ БЕР

Газетіміздің тұрақты оқырманы, заңгер Нұрбосын Қизатбек редакциямызға өз өлеңін жолдапты. Қолына қалам алуына «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмі себеп болыпты. Осы туындыны көру арқылы Елбасының ойшылдығына, оқуға деген табандылығына, арман-қиялының жүйріктігіне тәнті болған ағамыздың жүрегінен жыр түлепті. Ол туралы өзі: «Болашақ Елбасының фильмде тау басына шығып, тастан қала жасап ойнауының өзі келешегін көздеп отырғандай, дәл сол көріністегі тас қала – Сарыарқа төріндегі Астана десек, қателеспейміз. Қазірде елордаға кел­ген қонақтар қысқа мерзімде Астананы тұрғызған Нұрсұлтан Назарбаевтың көре­гендігі мен ерлігіне қайран қалады» – дейді. Төрт аяғын тең басқан өлең бол­мағанына қарамастан, ақ жүректен шыққан жырды жариялауды ұйғардық.

Басталды болашақтың жарқын күні,
Кеудеме шаттық құйған алтын нұры.
Құлпырған сұлу, көркем табиғатым,
Естіледі тамылжып әр күн үні.

Алланың берген сыйы – азаттығым,
Тәуелсіз, еркін, шүкір, қазақ бүгін.
Елбасының еңбегін паш етемін
Астана деп құлпыртқан Бозоқ гүлін.

Бұл әнді сен де жыр қып айтасың ба?
Шежіре мен тарих бар әр тасымда.
Әлемді таңғалдырып бел асамыз,
Егемендік, елдіктің арқасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button