Жаңалықтар

«НЫСАНАДА – АСТАНА»

Елорданың 15 жылдық мерейтойынан­ ­ел аймақтары да қалыс қалып тұрған жоқ. Сондай өңірлердің бірі – бас қала іргесіне тиіп тұрған Қарағанды облы­сы.­­ Өндірісті өлкеде 21 маусымда­ «Астананың 15 жыл­ды­ғына 15 ізгі іс» атты 15 күндік басталды. Бұл күн «Ныса­нада – Астана» жалпы тақырыптық атауға ие болды.

Екінші күні облыстың барлық қалалары мен аудан­дарын­дағы мәдени мекемелерде: мұражайларда, кітап­ха­наларда елорда тынысын бейнелейтін көркем, саяси, әдеби, қолданбалы, халық шығармашылығы көрмелері, экспозициялар, ақпараттық стенділер ашылды.

15 күннің әрқайсысының өз атауы бар. Мәселен, бір күн «expo-2017» қарсаңында Индустрия және жаңа технологиялар күні деп аталады. Сол сияқты, «Астана, біздің спорттағы жетістіктеріміз саған арналады!», «Астананы мадақтаймыз!», т.б. атаулы күндер бар. Он бес күндік 6 шілдедегі «Туған күніңмен, Астана!» күнімен жабылмақ.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button