Шаһар шежіресі

О баста оқу орны еді

Елордадағы Желтоқсан көшесі, №13 үйде орналасқан қазіргі №1 математика-экономика лицейінің тарихы тереңде жатыр. Шаһар шежіресін іздей отырып, біз оның байырғы қалыптасу жолына үңіліп көрдік.

[smartslider3 slider=1983]

Оқу орындарының алыстығына байланысты сол кезде Ақмола тұрғындарының басым көпшілігінің балаларына қандай да бір білім беру мүмкіндігі шектеулі болады. Сондықтан 1874 жылы Ақмола қалалық думасы ер балалардың діни училищесін ашу туралы шешім шығарды. Училище салуға және оны ұстап тұруға қажетті шығындардың сметасы жасалды. Жергілікті көпестерден 5 рубльден жарна жиналып, қалалық қоғамдық қазынадан 450 рубль бөлінді. Сөйтіп, бір реттік 200 рубль жиналады. Басқа шығындарды бюджеттік қаржы бөлу есебінен жабу көзделеді. Сонымен бірге әрбір оқушыдан оқуға құқық беретін 1 рубльден алу белгіленеді. Отбасы жағдайы қиын балаларды тегін оқыту, яғни 15 адамды тегін оқыту болжанады.

Дума шешімін Ақмола әскери губернаторы қолдап, тиісті қолдаухатпен Батыс Сібір училищелерінің инспекторына шығады. 1874 жылы 3 қыркүйекте Халық оқу-ағарту министрлігі Тобыл губерниясы училищелер дирекциясының қарамағынан Ақмолада приход училищесін ашуға рұқсат береді.

Кейін ол 1920 жылы екінші сатылы мектеп ретінде ашылады. 1934 жылғы 15 мамырдағы КСРО Халық комиссарлар кеңесінің қаулысымен жеті жылдық мектеп үлгілі он жылдық орта мектеп болып қайта құрылды.

1934 жылғы 28 желтоқсанда БКП (б) Ақмола аудандық комитетінің бюросы және ЖАК (РИК) президиумының біріккен отырысында «С.М.Кировты есте қалдыру туралы» қаулысы қабылданды. Үлгілі он жылдықорта мектеп С.М.Кировтың есімімен аталды.

[smartslider3 slider=1984]

1942 жылғы 22 қыркүйекте мектепке №1 нөмірі бекітілді. Ал 1944 жылдың 18 тамызынан бастап ер балалар мен қыз балаларды бөліп оқыту ұйымдас­тырылуына байланысты Киров мектебі қыздар мектебі болды. 1957 жылы мектеп қайта аралас мектепке айналды.

Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген оқытушысы ­Л.П.Мережковскийдің бастамасымен 1967 жылы №1 мектеп базасында қалада тұңғыш рет математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылады, 1968 жылы жаздық математика мектебі жұмыс істей бастайды.

Ақмола әкімшілігінің 1992 жылғы 28 шілдедегі шешімімен №1 С.М.Киров атындағы орта мектеп №1 математика-экономика лицейі болып қайта құрылды.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button