Мәдениет

ОБЪЕКТИВ АРТЫНДАҒЫ ӘЛЕМ

Бүгін – Ұлттық музейде өтіп жатқан «National Geographic» журналының үздік 50 суреті» атты фотокөрменің соңғы күні.

Онда 128 жылдық тарихы бар беделді басылымның әлемді өзгерткен ең үздік фотолары ұсынылған. Мәселен, Стив Маккарридың дүниені шарлаған әйгілі «Ауған қызы» суретінен бастап, Джейн Гудолл, Томас Аберкромби сияқты танымал фотографтардың жұмыстары қойылған. Айтпақшы, көрмеге келушілер 10 мың ваттық жарықпен 4022 метр тереңдікте Эмори Кристоф «тірілткен» Титаниктің де суретіне тәнті болып, керемет әсерге бөленеді. Мұндай тамаша мүмкіндікті құр жіберіп алмаңыздар!

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button