Обырдың озбырлығы немесе сүйелдер де сөйлейді
Адам папиллома вирусы – генетикалық гетерогенді ДНҚ бар вирустар тобына жатады және атаулы инфекция түрі адамзатқа ықылым заманнан белгілі. Ежелгі грек ғалымы Геродот өз еңбектерінде терінің өсуі, шырышты қабаттардың өзгеруінен болатын ауруларды сипаттай келіп, ерекше тоқталып, атап кеткен.
Десе де, вирустың пайда болуы өткен ғасырдың 1951 жылы Джонс Хопкинс ауруханасына бес баласы бар 31 жастағы Хенриетта Лакс есімді әйелдің жедел түрде ауруханаға түсуімен байланысты. Сол тұста науқасқа жатыр мойны қатерлі ісігі диагнозы қойылады. Биопсия кезінде алынған ісік үлгісін зерттеу мақсатында – Хенриеттаның рұқсатынсыз Джонс Хопкинс университетінің зертханасына арнайы талдау жіберіледі. Әдетте зертханада адам жасушалары тез өліп қалатын болса, бірақ дәл осы науқастан алынған жасушалар «мәңгілік өміршең» болып шығады. Сегіз айдан кейін Хенриетта Лакс қайтыс болса да, оның жасушалары бөлініп, көбейе берген.
Сондықтан да, ғалымдар жасушаны марқұм науқастың аты-жөнінің бастапқы әріптері жиынтығы бойынша «HeLa» деп атаған екен. Ғалымдар HeLa жасушасы арқасында мыңдаған зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде неміс ғалымы Харальд Цур Хаузен адам папиллома вирусының бірнеше түрі бар екенін және вирустың 16 және 18-ші түрі қатерлі ісікке әкелетінін анықтаған. Сонымен қатар Хенриеттаның ағзасында АПВ-ның 18-ші түрі болғанын дәлделді түрде анықтап берген.
Бүгінгі таңда ғалымдар зерттеген штамдардың дені көбі 200-ден асып жығылуда. Яғн бұл дегеніміз – вирус әйел адам және ер адамның жыныс мүшесі мен шырышты қабаты бар басқа да дене бөліктерінде обыр ауруын туғызатынына бірден-бір дәлел болып отыр.
Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, 10 әйел мен ер адамдарды алып қарара болсақ, соның 8-і 25 жасқа дейін АПВ жұқтырғандығы статистикадан мәлім. Ғалымдар дабыл қағуда, ұлт саулығы үшін халықты вакциналау жедел қолға алынбаса, соңы өкінішті жағдайларға душар етерсі сөзсіз деген пайым мен тұжырымдарға тоқтап отыр.
Ал, арнаулы вакцинация 15 жылдан астам уақыттан бері қолданыста және бүгінде өзекті мәселелер қатарында. ТМД елдері ішінде көрші жатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және одан тыс әлемнің 135 елінде қатаң негізде екпе жұмыстары жүргізіліп отырады.
Вакцинация – ер мен әйелдерге міндеттелген. Мамандардың пікірінше 11-13 жас аралығындағы қыз балаларға да екпе салу арқылы жатыр мойны обырының даму қаупін 90% – ға төмендететінін дабыл қағып айтуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен қазақстандық медицина ғалымдар мен сарапшыларының ұсыныс тоқтамдары АҚШ-та шығатын Гардасил вакцинасында. Бұл вакцинация – әлем бойынша 150 мемлекетте тіркелген және 100-ден астам елде қолданыста.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыз балаларға АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен екпе егу жоспарлануда және АПВ вакцинасын өмір жолында 2 рет қабылдау міндеттеліп отыр (6 айлық аралықпен 2 рет егіледі).
ДДҰ мойындаған адам папиллома вирусына қарсы үш вакцина бар. Олар: Cervarix, Gardasil және Gardasil 9.
Cervarix – АПВ-ның 16 және 18-типтеріне қарсы екі валентті вакцина түрі(яғни ауыр). Ол вирустың осы екі түрі тудыратын қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі.
Gardasil – АПВ-ның 6, 11, 16, 18-типтеріне қарсы төрт валентті вакцина. Бұл – АПВ-нан туындайтын сүйелдердің, ісік алды зақымданулардың және қатерлі ісіктердің алдын алуға бағытталған.
Gardasil 9 – тоғыз валентті вакцина, құрамында АПВ инфекциясының 6, 11, 16, 18, 31, 33, 45, 52, 58-типтерінің жұқпалы емес ақуыз антигендері бар. Екпе – вирустың осы түрлерінен туындайтын сүйелдердің, ісік алды зақымданулардың және қатерлі ісіктердің дамуын алдын алады.
Жіті тоқталар болсақ, олар:
- АПВ – сексуалды қарым-қатынас арқылы берілетін дүниежүзінде ең көп таралған инфекция.
- Адамда папиллома вирусының 100-ден астам түрі бар, оның 10-нан астамы қатерлі ісікке алып келуі мүмкін.
- АПВ – жыныстық қарым-қатынас кезінде, тері немесе шырышты қабықпен тығыз жанасу кезінде және анадан балаға жұғуы мүмкін дерттің түріне жатады.
- Көп жағдайда папиллома вирусы симптомсыз болып келді. Сол себепті адам өз ағзасында АПВ инфекциясының бар-жоғын анализ, арнайы скрининг арқылы білуге болады. Сондықтан да міндетті тексерулерден өтіп отырғандығы жөн.
- Папиллома вирусы жатыр мойнының қатерлі ісігінде, сонымен бірге бас бөлігі және мойын мен қынап, тік ішек, вульва және ауыз-жұтқыншақтың қатерлі ісіктеріне себеп болуы мүмкін. Жатыр мойны ісігінің барлығы дерлік және бас, мойын ісігінің 70 %-і АПВ инфекциясы салдарынан туындайтындығы ғылыми тұрғыда дәлелденген.
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының мәліметі бойынша жыл сайын 600-ге жуық әйелдердің жатыр мойны ісігінен бақилық болатындығы нақты мәлімденген.
- АПВ – жатыр мойны ісігінің қатерлі де негізгі және басты себептері екендігі медициналық тұрғыда дәлел.
АПВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ЕМДЕЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН ПРОФИЛАКТИКАСЫ
- АПВ инфекциясының алдын алудың ең тиімді жолы – вакцина. Әлемнің 80-нен астам елінде 9-13 жастағы жасөпірімдерге АПВ-ға қарсы вакцина салынады. Ал, АПВ инфекциясына қарсы вакцинация қатерлі ісіктің алдын алады.
- Көп жағдайда АПВ инфекциясы ағзаның иммунитеттік әсердің жоғары болуы салдарынан ем-домсыз және ем-шараларсыз да сауығып кетуге әкеліп жатады. Алайда, бұл дегеніміз ағзаның бейтаптығы мен иммундық жүйенің, қанның белсенділігі (гемоглабин мен тромболардың әсерінен) бірнеше айдан екі жыл аралығында созылуы мүмкін.
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің заңнамалық жүйесі бойынша әрбір 30 жастан асқан әйел заты жыл сайынға қатерлі жатыр мойны ісігін анықтау үшін тегін скринигтерден өте алатындығы хабарланып, заңдастырылған.
Әлем елдерінде бұл вакцина ақылы негізде жүргізіледі. Бірақ біздің елде халық денсаулығы басты орында болғандықтан да атаулы вирустың және қатерлі ісікті алдын-ала тексерулер мен вакциналар алу арқылы тегін және қалыпты негізде қабылдап, өмірлерін сақтанудыруға, мемлекетке ақысыз негізде жүгінуге құқылы. Екпені – кез келген жергілікті және қалалық емханалар мен ауруханалардан қабылдай алады.
Тері папилломасы – тері жасушаларынан тұратын қатерсіз ісіктер қатарына жататын аурудың бір түрі. Олар дененің кез келген жеріне шығуы мүмкін, бірақ жиі кездесетін тері папиломасы дененің көп үйкеліске түсетін бөліктеріне шығып, адамды әбігерге салады. Мәселен, қабақ, қолтық, омырау асты(сүт бездері), шап, кеуде тұсы, мойын, т.с.с.
Егер, бұл ауру көрінетін жерлерге шықпаған болса, көбіне білінер-білінбестей болып, бірақ адамның дегбірін қашырады. Кей жағдайларда адамға ешқандай ыңғайсыздық жағдайын туғызбауы да мүмкін. Десе де, өрши түскен бұл ауру кейде тіпті көзге оғаш болуыда да мүмкін және ауырсынуға алып келеді. Асқынған, қабынған жағдайларда қанап, мазасыздақ тудыруы да әбден мүмкін.
Бұл – аурудың пайда болу салдары төмендегіше:
– артық салмақ пен семіздік,
– холестериннің шамадан тыс жоғары мөлшерде болуы;
– қант диабеті;
– жүктілік;
– адам папилломасы вирусының кей түрлері;
– гормонды тепе-теңсіздік;
– генетикалық бейімділік;
– жоғары қан қысымы;
– төмен иммунитет, дәрумендер жетіспеушілігі және т.б.
Ескеретін жайт, мұндай тері өсінділері көбіне қатерсіз болғанымен, жоғары да көрсетілгендей қатерлі түрлері де кездесіп жатады. Егер өзіңізден артық тері түзілімін байқасаңыз, міндетті түрде дәрігер кеңесіне жүгінгеніңіз абзал.
Халық саулығы – ұлт саулығы!
Мадина Намазбаева, аға мейірбике