Экономика

ОДАҚ ОЛҚЫЛЫҚТЫ ТҮЗЕЙДІ

Азат Перуашев

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келген Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракция жетекшісі Азат Перуашевтің пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ жаңа жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпорындар табысының ұлғаюына және жалақының өсуіне негіз береді.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ аясында баға саясаты қайтсе де түзетіледі. Қазақстандық кәсіпорындардың Ресейге және Белорусь Республикасына өнімдерін өткізуге жол ашылады. Әрине, табыс қуған олар қуаттылықтарын да арттыруға мәжбүр болады. Ал, ол қосымша жұмыс қолдарын қажет етеді. Табыс молайғанда, кәсіпорын жұмысшыларының да жалақысы көтеріледі. Сонымен бірге ел ішінде сатылатын тауарлар қымбаттатуы мүмкін. Тұтынушыға ауыр тимес үшін жалпы жұрттың да жалақысы өсіріледі.

Бұл жөнінде: «Баға 10 пайызға, ал, жалақы 50 пайызға өссе, қорқатын ештеңесі жоқ. Инфляцияның да әкелер пайдасы бар. Ол 3-4% шегінде болса, ұтылмаймыз. Ол үшін Үкімет тиісті жұмысты атқарады деп ойлаймын» деді А. Перуашев.

Халық қалаулысының есептеуінше, ЕАЭО бәсеке­лестік үшін керек. Қазірде экономикалық одақ аясында өзге елдерден қалып келе жатқанымызды жасырмаған ол бұл мәселе бойынша Ұлттық институционалды палатаның сараптамасын алға тартты. Оған сенсек, 2012 жылдан бері экспорт пен импорт жағынан ұтылудамыз. «Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері өңдеуші секторды аяққа тұрғыза алмай келеді» деді депутат.

Мәжіліс депутаты оның себебін сол жылдардан бастап нарығымызды барлық елдерге айқара ашып қойғанымызбен түсіндірді. Өзге елдердің тауарын тұтына бастаған біз өз өндірісімізді ұмыттық. Отандық кәсіпкерлер шетелдіктермен бәсекелесе алмады. Бірақ, Еура­зия­лық экономикалық одақ сол олқылықты түзетуге мүмкіндік беріп отыр. «Еура­зия­лық экономикалық одақтың құрылуы – бүгінгі күннің талабы. Мұның жұмысы сауатты жүргізілсе, күтетін нәтижеге сөзсіз жетеміз» дейді А. Перуашев.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button