#Жаңа Қазақстан

Өмір сапасын жақсарту маңызды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Әбдукамал Әшімбеков «Кентау трансформатор зауыты» АҚ жұмыскерлерімен, сондай-ақ Түркістан облысы сайлаушыларымен кездесті.

Кездесу барысында кандидат жиналған қауымға партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағытын баяндады. Атап айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында жаңа Еңбек кодексін қабылдау туралы тармақ бар екенін атап өтті. Құжатта еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс­керлер мен жұмыс берушілердің толық теңдігі қамтамасыз етілетін қағидат бар. Сонымен бірге, Әбдукамал Әшімбеков өз сөзінде жастарды жұмысқа орналастыру бойынша аталмыш өңірдің артта қалып жатқанына тоқталды.

«Ел халқының өмір сапасын жақсарту – мемлекеттің басым бағытының бірі. Әлем бойынша статистикалық деректерде жағда­йымыз мәз емес. Өмір сапасын арттыруға бірнеше фактор әсер етеді. Жұмыссыздық мәселесімен қатар, жемқорлыққа қатысты мәселелерді түбегейлі шешпейінше, мемлекеттік басқару жүйесін қалыпты жүзеге асыру мүмкін емес. Жемқорлықпен күресті күшейту керек. Парақорларға қатысты жазаны қатайтып, мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет. Мемлекетіміз басқа да көптеген ел сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Жемқорлықты жеңіп, мемлекеттің басқару жүйесін ауыстыру арқылы елдің экономикалық гүлденуіне қол жеткізуге болады» деді кандидат.

Осылайша, партия мүшелері өмір сүру сапасының стандартын әзірлеу және енгізу мәселесіне Парламентте бастамашылық жасауға ниетті. Кездесуде кандидаттар сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button