Денсаулық

Өмір сүру сапасы жақсарады

– Ел Президенті ­Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес медицина саласын дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Халықтың саулығын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдануда. Өйткені ұлттың саулығы – еліміздің басты байлығы. 

Бүгінде сапалы медициналық қызмет әрбір азаматқа қолжетімді. Астана қаласы ­№9 емхананың жұмыс қағидасы да сол, сапалы медициналық көмек көрсету. Медициналық көмекті 93 мыңнан астам адам алады. Емханада 57 аумақтық учаске, 250 дәрігер, 150 орта медицина қызметкері бар.

Бізде науқастарды қабылдау Триаж-жүйе бойынша өтеді, жеке кіреберісі бар сүзгі кабинеті жұмыс істейді, кезекті басқарудың электрондық жүйесі енгізілген. 2018 жылдан бастап Медициналық-әлеуметтік терезе арқылы медициналық және әлеуметтік қызметтерді алу кезінде жасыл дәліз бойынша ерекше қажеттіліктері бар пациенттерге емханада сүйемелдеп алып жүру қызметі көрсетіледі. Сонымен қатар отбасын жоспарлау кабинеті, халықпен кері байланысты қамтамасыз ететін «Пациент­терді қолдау қызметі» бөлімшесі, шала туған нәрестелерді бақылау үшін катамнез кабинеті жұмыс істейді.

Тағы бір ерекшелігі, емханада амбулаториялық хирургия орталығы бар күндізгі стационар бар. Мұнда операцияның 20-дан астам түрі жүргізіледі. Ал күндізгі стационар 40 төсекке есептелген. 2021 жылдан бастап неврология, кардиология, травматология бейіндері бойынша оңалту бөлімшесі ашылды. Компьютерлік диагностика кабинеті коронавирустық инфекцияның пандемиясы кезінде бүкіл қаланың COVID-пен сырқаттанған пациенттерге зерттеу жүргізді.

Айта кеткен жөн, біздің емханаға 8 мектеп тіркелген, онда 20 мыңнан астам бала оқиды. Мектеп оқушыларының денсаулығына қамқорлық жасаумен қатар, медицина қызметкерлері өсіп келе жатқан ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыруға атсалысып келеді.

Пациенттерді сәйкестендіру, деректер қауіпсіздігін жақсарту, сәйкестендіру қателерін азайту мақсатында Face ID пациенттердің биометриясының цифрлық, инновациялық технологиясы енгізілді.
«Әлеуметтік әмиян» – рецепт жазылған кезде ол автоматты түрде оның қосымшасында пайда болады. МСАК жүйесіндегі әлеуметтік әмиян медициналық және әлеуметтік көмектің қолжетімділігін жақсартады.

Ұлт денсаулығын жақсарту – тек медицинаның ғана емес, қоғамның барлық салаларының міндеті. Халықтың денсаулығы жақсарған сайын олардың өмір сүру сапасы да жақсарады. Бұл бағыттағы жұмыстарға емхана ұжымы ерекше назар аударады.

Сәуле СМАҒҰЛОВА,

Астана қаласы №9 емхана директоры

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button