#Жаңа Қазақстан

Өндіріс орындарын аралады

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық штаб мүшелері Алматы облысының Жамбыл ауданында көкпаршылармен кездесті.

Ұлттық спортты насихаттау мақсатында белгілі атбегі Орынтай Әмірғалиев бастаған бір топ атбегілер аудандық эстафеталық «Сыбаға көкпар» ойынын өткізуді қолға алған болатын. Сол ойын жылдағы дәстүрге айналып, Жамбыл ауданында көкпар спорты ерекше дамып келеді.

«Ақ жол» демпартиясының үгіт-насихат тобы Ақтерек ауылына барып, көкпар ойынын тамашалады. Партия төрағасы Азат Перуашев ұлттық спортты дамытуға үлес қосып, жастар арасында көкпардың дамып келе жатқанына тәнті болып, өзінің жылы лебізін білдіріп, әр ауылдық округтен құралған командаларға сәттілік тіледі. Ол ұлттық спортқа алдағы уақытта «Ақжол» партиясынан қолдау болатынын айтып, оны одан әрі дамытуға барынша күш-жігерін салуға өз септігін тигізетінін де жеткізді.

Сондай-ақ «Ақ жолдықтар» Алматы облысындағы отандық өндіріс орындарын аралады. Соның ішінде Қарасай ауданындағы «KZ Recycling» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы саяси бағдарламасының негізгі тұжырымдарымен таныстырып, еңбек ұжымының қызметкерлерімен әңгімелесті.

Республикалық штаб Қарасай ауданындағы органикалық тыңайт­қыштарды өндіретін отандық «QazVerm» кооперативінің басшылығымен де кездесті. Топырақтың құнарлылығының төмендеуі мен эрозиясы бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. QazVerm кооперативі биогумус, вермикомпост және басқа да органикалық өнімдерді өндірумен айналысады. Кәсіпорын «Ақ жол» демпартиясына жерлерді қайта құнарландыру, жер өнімділігі мен шірінді қабатын қалпына келтіруге мемлекеттік субсидиялар енгізуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button