Қала мен Сала

Өндірісте өзекті мәселе көп

Байқоңыр ауданының әкімі әр апта сайын қаладан сыртқарырақ орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен кездесу өткізіп келеді. Кезекті кездесу «Өндіріс» тұрғын алабында өтті.

Өзекті мәселелерді арқау етіп, әкім қабылдауында болған, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы түйткілді мәселелерін баяндаған тұрғындардың өтініші қашан да әкімдік назарында.

Кездесуге келген тұрғындардың көпшілігі қоғамдық көліктердің интервалы, жылы аялдамалар, жарық және су мәселелері, қаңғыбас иттер, санитарлық-тазалық жұмыс­тары және әлеуметтік салаға қатысты сұрақтарын ортаға салды.

Бұдан бөлек, кездесуге келгендердің ішінде әкімдік жұмысына ризашылықтары мен риясыз көңілдерін білдірген тұрғындар да болды.

«Өндірісте өзекті мәселелермен бірге, аудан әкімдігінің атсалысуымен атқарылып жатқан шаруалар да жетерлік. Сондықтан, шынайы көңілдеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Ауданымыз­дың көркеюіне бірлескен еңбектің нәтижесінде ғана қол жеткізетініміз анық. Ендеше, барлық шаруаны бірлесіп шешейік» деді елордалық Талғат Беделбаев.

Жиынға Астана қалалық басқармалары мен жергілікті мекемелердің өкілдері қатысып, өздерінің құзыретіндегі бірқатар сұрақтарға жауап берді. Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев кейбір мәселелер бойынша жауапты мамандарға тапсыр­малар жүктеп, аталған сұрақтарды жұмыс жоспарына енгізді.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button