#Жаңа Қазақстан

«Өндірістің» жанайқайына үңілді

Аmanat партиясы сайлауалды іс-шаралары аясында Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына үміткер Дихан ­Қамзабекұлы елорданың Байқоңыр ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерімен танысып, «Өндіріс» алқабы тұрғындарының өтінішімен аса проблемалы жерлерге барды.

Бұл – теміржолға жақын маңайда көктемге қарай жерасты суының көтеріліп, қар суымен бірге үйлерге зор қауіп төндіретін жайы. Соңғы 6-7 жылда сол жерде су ағатын (біреулер ТЭЦ қолданған су дейді) бетон канал соғылған. Осыдан кейін үй маңайындағы қар сулары ағып кететін арналар бітеліп, тұрғындар Венеция күйін кешетін болған. Байырғы тұрғындар «Астана ішінде тұрып, әр жылды қорқынышпен өткіземіз. Орталық канализация жоқ, ауызсу жеткізудің ақысы қымбат. Мына бетон канал жағдайды тіпті ушықтырды» дейді. Алдыңғы жылы үйлерге таяу арықтар қазылып, бетондалыпты. Бірақ ол қажетсіз болып қалған. «Маман» дегендерді шақырса да, ешкім себебін білмейді. Осы үшін дабыл қаққан екен.

Енді жұртшылықтың сауалы: бұрын Ақмолада жерасты суы мәселесімен айналысқан ғалымдар және арнайы жер қыртысы картасы болса, бүгін олар қайда кетті? Мына заманда аумақтарды құрғату ісімен қай мекеме айналысу керек? Бұл – әрі сұрақ, әрі аманат. Әрине, жауап кейінге қалдырылмағаны жөн. Дихан Қамзабекұлы аудан басшылығына хабарласқанында, олардың бұл жағдайдан хабардар екенін білді. «Өндірістің» ауыр ахуалы бізді де толғандырады. Қазір нарық заманы. Ауызсу жеткізумен жеке фирмалар айналысады. Әлгі бетон канал да, арық та тұрғындардың сұранысы бойынша жасалды. Жер қыртысы картасын біз де іздестірейік. Астананы тең жаңарту Өндіріс аумағына да келеді деп үміттенеміз. Қала әкімі осы тұжырымды қолдап отыр» деген басшылықтың уәдесі түйінді мәселені шешуде нәтижелі қадам болмақ.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button