Басты ақпаратМәселе

Өнер өріндегі әйел әлемі

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әйел және өнер» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырды. Оған елорда мәдениет саласының белгілі өкілдері қатысты.

Шара барысында қалалық филармонияның көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлмира Құттыбадамова, аталмыш өнер ошағы шығармашылық ұжымдарының жетекшілері Арайлым Рахым, Роза Шотқалиева, Ұлттық дельфий комитетінің директоры Құралай Түспекова, қылқалам шебері Лейла Махат, танымал әртістер Айгүл Қосанова, Жанар Жүсіпова, Саида Қалықова, Алтыншаш Мұқатаева, Гүлдана Нұрабаева, Лаура Абат, филармонияның бас редакторы Зарина Мұхамедәлі пікір алмасты.

Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытудағы әйелдердің рөлі туралы баян­дама жасалып, композитор, музыкант, әнші, биші әйелдердің есімі аталды. Өнер шеберлерінің шығармашылығындағы әйел бейнесі талқыланды.

Қылқалам шебері, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының профессоры, бейнелеу өнері саласындағы философия докторы, Kulanshi Art Center кураторлық кеңесінің төрайымы, Еуразия өнер академиясының президенті Лейла Махат 2020 жылы әлемді індет шарпыған кезде «Ана жаулығы» халықаралық жобасына бастамашы болды. Бүгінгі таңда бұл идея өз өзектілігін жоғалтқан емес. Оның айтуынша, әр мәдениеттің ұлттық киімі бар. Ақ орамал – қазақ халқы салт-дәстүрінің киелі атрибуты. Ақ түс ана сүтін, тазалықты, әдептілікті білдіретін қасиетті мағынаға ие. Көптеген қазақ отбасында мұра болып қалған кимешек жәдігер ретінде сақталады. Астанада дүниеге келген жоба бүкіл әлем бойынша бағыт алып, қарқынды дамып келеді. Шара кезінде аталмыш жобаға Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымы да қосылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button