Мәдениет

Өнерлі зейнеткерлер концерті

Астана қаласы Есіл ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен ­«Сағыныш сазы» ансамблінің 5 жылдығына орай есеп беру концерті өтті.

 

Құрамында 20 зейнеткер бар өнерлі ұжымның негізін қалаушы – «Мирас» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Бір мүмкіндік» сайысының жүлдегері, ұстаз, термеші, сазгер, күйші, әнші Күлзағила Барлыкова, көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жанарбек Ескендіров пен Шәрбат Құрманова.

– Біздің ансамбль 5 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Көптеген қатысушы ансамбль құрылғалы бері ән салып, музыкалық аспаптарда ойнап келеді. Оркестр құрамында домбыра, қобыз, сылдырмақ ойнайтын ардагер өнерпаздарымыз бар. Шынын айтсақ, біз осы орталыққа келгенде көңілімізде алаң болды, бірақ үйренісіп кеттік. Енді, міне, өзіміз де ән айтып, сахнада өнер көрсетеміз, – дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Шәрбат Құрманова.

Кеш барысында зейнеткерлер ән шыр­қап, күй тыңдап, өнерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button