Мәдениет

Өнерпаз балалар ­көрмесі

Ұлттық музейде Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметін алушы өнерпаз балалардың «Өнерлінің қолы алтын» атты сурет көрмесі өтті.

Ерекше балалардың талантын ашу және өз жұмысын көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған көрмеге Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб қатысып, көрмені ұйым­дас­тырушы Ұлттық музей ұжымына алғыс айтып, балғын суретшілерге шығармашылық табыс тіледі.

«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Ердәулет Аманбай өз кезегінде көрменің мақсатына тоқталып, өнерпаздарды бұдан әрі де үйірмеге қатысып жүруге шақырды, музей ұжымы мен жас суретшілерге алғыс хат тапсырды.

Ұлттық музей атынан экскурсиялық жұмыстар, музей педагогикасы және экспозициялық залдарды сақтау қызметінің жетекшісі Жанар Бейісова сөз сөйлеп, көрменің өнерпаз балаларға береріне тоқталды. Өнерпаздардың арасында Әлихан Түсіпов пен Әлімтай Бірлік өлең оқыды. Балалардың ата-­анасы да сөз сөйледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button