#Жаңа Қазақстан

Өңірдегі өзекті мәселелер көтерілді

Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық округ бойынша кандидат Дамир Жақанов «Фармаком «ИМПЭКС» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде кандидат жиналған қауымды партия­ның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесуде сараланған салық салуды енгізу қажеттілігі мәселесі көтерілді. Іс-шара соңында Дамир Жақанов тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Нұртай Қожаханов «Interoil&Services Kazahstan» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Нұртай Қожаханов сайлаушыларды сайлауға белсене қатысуға, өз таңдауын жасауға шақырды. Сонымен қатар кездесу барысында жұмыскерлерді партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырды.

ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Мирамбек Камалов «Aqtobe su-energy group» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, партияның басымдық беріп отырған басты бағыттарын таныстырды.

Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы жемқорлықтың алдын алу, білікті мамандардың шетел асуының алдын алу үшін Қазақстанда тегін білім беру жүйесін қалыптастыру, халықтың өмір сапасын жақсарту… сынды өзекті мәселелерді көтеріп, жұрттың ыстық ықыласына бөленген еді.

Осыдан бұрын ЖСДП белсенділері «Үгіт-насихат пойызы» аясында Алматы облысы, Іле ауданына барып, үгіт-насихат шараларын өткізген болатын.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button