Елорда тынысы

Өңірлерде «Қызмет көрсетілетіндер күні» өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еліміздің барлық өңірлерінде сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша «Қызмет көрсетілетіндер күнін» ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қызмет көрсетілетіндер күні» еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай форматта өтті. Оған 1400-ден астам қызмет алушы қатысты.

Іс-шара барысында көші-қон қызметі, әкімшілік полиция органдары,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдері және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін, оның ішінде қызметті алу, қажетті құжаттар тізбесін жинақтау, қарау мерзімдері мен көші-қон саласының басқа да өзекті мәселелерін түсіндірді. Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу құқықтары, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне МҚІА-ға шағымдану тәртібі түсіндірілді.

Көрсетілетін қызметті алушы азаматтар «eQonaq» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі техникалық қиындықтарды атап өтті.

Сондай-ақ қызмет алушылар мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру, көші-қон саласындағы қызметтерді автоматтандыруғы қатысты ұсыныстар берді.

Агенттік азаматтардан түскен проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды қарау үшін тиісті уәкілетті органдарға жолдайтын болады.

Статистикаға сәйкес көші-қон саласындағы қызметтер сұранысқа ие қызметтердің қатарына кіреді. Мәселен, 2023 жылы осы салада 4 млн.астам қызмет, оның 450 мыңға жуығы шетелдіктерге көрсетілген.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында шетелдіктерге ХҚКО арқылы және электрондық үкімет порталы арқылы 145 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button