Руханият

Өңірлік комиссия жұмысы жалғасын табады

Астана қаласы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс тобы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия бекіткен зерттеу мен зерделеу жұмысының негізгі бағыттарын басшылыққа алып, жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Осы жұмыс тобының жетекшісі Ғазиза Исаханның айтуынша, комиссия тарапынан былтыр бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес көптеген жұмыстар іске асырылған.

-Атап айтқанда, Алаш қозғалысы бойынша мұрағаттық материалдардың көптомдық жинағына қажетті материалдар Ақмола өңірінен шыққан Алаш қайраткерлеріне қатысты құжаттар жинақталды. Архив материалдары 1 беттік тізіммен (опись) қоса  Word нұсқасында Жобалық Кеңсеге өткізілді. Сонымен қатар «Халық жады» еске алу көптомдығына зерттелетін санат бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтарының тағдырын зерттеу бойынша Ақмола өңірлік комиссиясының жұмыс тобы мүшелері естеліктер жинақтау, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарынан сұхбат алу, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі 1954-1956, 1988, 1991-1997 жылдардағы комиссия жұмысының қорытындыларынан кейін баспасөз-ақпарат құралдарында жарияланған, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарынан алынған әңгіме-естеліктер негізінде жазылған мақалаларға шолу және архив қорларындағы деректерді зерделеу жұмыстарын жүргізді. Жобалық кеңсеге ұсынылған Жинақ нұсқасына 204 (естеліктерге 12 қосымша архив құжаттары, алғысөз, қысқарған сөздер мен құжаттар тізімімен қоса 554 бет) құжат енгізілді. Жинақтағы 85 естелік және 40 архив құжаттары алғаш жарияланып отыр, – дейді Ғ.Исахан.

Жинақты дайындау барысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қызметін сүйемелдеу жөніндегі жобалық офистің әдістемелік ұсынымдары мен Қазақстандағы кеңес өкіметі тарапынан жүргізілген саяси қуғын-сүргін саясатының құрбандары мен зардап шеккендерден, олардың ұрпақтарынан, қайғылы жылдардың куәгерлерінен, 1930-1950 жж. туылған аға буыннан, сондай-ақ өлкетанушылар, зерттеушілер, архив және музей қызметкерлері, құқық қорғаушылар мен іздеушілерден сұхбат алуға арналған сауалнама басшылыққа алынған.

Жұмыс тобы мүшелері Астана қаласы мемлекеттік архивінің «Ақмола бас бостандығынан айыру үйі. Ақмола еңбекпен түзеу үйі, Ақмола облысы Ішкі істер халық комиссариаты басқармасының Ақмола № 12 түрмесі, Ақмола қаласы» 65 қорының материалдарын және басқа да қорлардың архив құжаттарын қарады. Қор материалдарын жұмыс тобы мүшелері өзара бөлісіп көнерген, ескірген, көптеген құжатардың жазулары түсініксіз болғандығына қарамастан және араб, латын харіпіндегі жазуларды аудармашылар арқылы пайдаланып жоспарланған жинақ үшін база қалыптастырды.

Аталған құжаттар мен материалдар жинағына енгізу үшін жұмыс тобының мүшелері алты мыңға жуық істерді қарады. Оның шамамен бес мыңдайы біз қарастырған хранологиялық кезеңге 20 шы жылдардың екінші жартысы мен 30 шы жылдарға сәйкес келеді. Кітапқа енген 1589 адамның ісі төмендегі тараулар бойынша бөлінді: 1. Астық дайындау науқаны бойынша қуғын–сүргінге ұшырағандар – 309 адам; 2. Социалистік меншікті қорғау және ет дайындау шарасының құрбандары – 476; 3. Бай, кулак ретінде жазаланғандар – 130 адам; 4. Кеңестік билікке қарсылық білдіргендер мен үгіт насихат жүргізді деп айыпталғандар – 222 адам; 5. Әр сала бойынша қуғын–сүргінге түскендер – 452 адам. «Достық үйінде» жұмыс тобының толық құрамының қатысуымен  «Ақмола өңірі – архив құжаттарында (ХХ ғ. 20-40 жж.)» құжаттар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша Мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесінің жетекшісі С.А.Қасымов бастаған бір топ зерттеуші-ғалымдар Архивтің оқу залында кеңестік кезеңдегі ұлтшылдық, партиялық тазалау, ОГПУ материалдары, Ақмола өңіріндегі Алаш қозғалысына қатысты қорларға зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әртүрлі санат бойынша қуғындалған жергілікті тұрғындарға қатысты құжат көшірмелері алынды. «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Астана қаласының мемлекеттік архиві» ММ 2023 жылдан бастап қаладағы жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттері арасында өз елінің және туған өлкесінің тарихын зерттеуге арналған «Жас архивист» байқауын өткізуді ұйымдастырады. Байқау нәтижесі ү.ж. 7 желтоқсанында өтетін республикалық архившілер форумында жарияланады. 2023 жылы 18 қазанда Қазақстан Республикасы күніне орай Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелер туралы заңына сәйкес салалық іс-шараларды көтермелеу мақсатында Республикалық «Алпамыс батыр» қоғамдық қорының шешімімен алаштанушы-ғалым К.Ильясова көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановты жас ұрпаққа танытуда қосқан үлесі үшін «Сұлтанбек Қожанов – 125 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2023 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасы күніне орай Хайретдин Болғанбаев атындағы қордың шешімімен алаштанушы-ғалым К.Ильясова Алаш қайраткері Х.Болғанбаевтың өмірі мен қызметін, әдеби-тарих еңбектерін зерттеп, насихаттағаны үшін «Құрмет мадақтамасымен» марапатталды.  Ғ. Исаханның айтуынша, осындай жұмыстар биыл да жалғасын табады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button