Ел тынысы

Өңірлік ведомствоаралық штабтың І отырысы өткізілді

Астана қаласы СЭҚД базасында білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың I отырысы өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Отырыс барысында Астана қаласының СЭҚД басшысы Сархат Бейсенова Астана қаласы бойынша білім беру және денсаулық сақтау объектілеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып берді.
Сондай-ақ, штабта Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасарының м.а. және Білім басқармасының бөлім басшысы «Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында 2024-2025 жылдарға арналған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөніндегі өңірлік жоспарды іске асыру» бойынша баяндама жасады.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button