Елорда тынысы
Өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Астана қаласы Сарыарқа ауданының Төтенше жағдай басқармасы халықтың әлеуметтік осал топтары арасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмысын жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қауіпсіздік деңгейін арттыру, ықтимал өрт қаупін болдырмау мақсатында жалғызбасты және көпбалалы аналардың үйіне тексеру жүргізіліп, уақытылы әрекет етуге көмектесетін түтін және көміртегі тотығын анықтайтын датчиктер орнатылды.
«Бақылауды күшейтіп, улы газ датчиктерін орнатып, әр отбасын назарға аламыз. Әрине, тұрғындардың да өз жауапкершілігі болғаны маңызды. Біз оларға барынша түсіндіру жүргіземіз», – дейді Астана қаласы Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Рамазан Миерманов.