Елорда тынысы

Өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруде

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бас қалада жыл басынан бері 548 өрт тіркелген. Өрттердің басым бөлігі, яғни 222 жағдай тұрғын үй секторында болған. Оның 154-і жеке секторда, 59-ы көпқабатты үйлерде, ал 9-ы жатақханаларда орын алған. Өрттің алдын алу және салдарынан болатын оқиғалардың алдын алу мақсатында департамент мамандары сақтандыру іс-шараларын ұйымдастырып жатыр. Мамандар рейд кезінде тұрғындарға күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруде.

Бүгінде Төтенше жағдайлар департаменті мен қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері, еріктілер жеке тұрғын үй секторын аралап жүр. Олар жыл басынан бері 66225 адамды қамтитын 54668 жеке тұрғын үйге барды. Соның ішіндегі 1877-сі халықтың әлеуметтік осал тобы тұратын үйлер екені анықталды. Аталған үйлерге жылыту маусымы басталғаннан бері тұншықтырғыш газды анықтау бойынша 295 датчик орнатылды. Құтқарушылар осындай рейд кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексереді, тұрғындармен әңгімелесіп, тұрғын үйді өртке қарсы жабдықтаудағы кемшіліктерді анықтайды.

Мамандар жеке тұрғын үй секторында өрттің туындауының негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу, пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелеріне мән бермеу, тұрмыстағы электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау екенін айтады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button