Әлеумет

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттар аяқталды

 Астанада ХХХІІI – ерлер, ХI – әйелдер, Х- жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы Чемпионаттардың жабылуы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

26-28 ақпан аралығында еліміздің әр өңірінен келген төрт жүзден астам өрт сөндіруші-құтқарушы біріншілік үшін күресті.

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төраға орынбасары Қанат Доспаев қысқы Чемпионаттардың салтанатты жабылуына қатысты.
Ол жеңімпаз спортшыларды марапаттап, олардың маңызды нәтижелерін атап өтті.

Қорытынды бойынша жалпы командалық есепте келесі командалар Чемпион атанды:

Ерлер арасында
1 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы
2 орын – Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
3 орын – Маңғыстау облысы ТЖД құрама командасы

Әйелдер арасында:
1 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы
2 орын – Алматы қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын – Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы

Жасөспірім ұлдар арасында:
1 орын – Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
2 орын – Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
3 орын – Ақьөбе облысы ТЖД құрама командасы

Жеке біріншіліктегі қоссайыс бойынша орындар:

Ерлер арасында:
1 орын – 30,09 секунд нәтижесімен Ануарбеков Назарбек, Астана қаласы
2 орын – 30,11 секунд нәтижесімен Снегирев Дмитрий, Астана қаласы
3 орын – 30,32 секунд нәтижесімен Текенов Бауыржан, Қарағанды облысы

Әйелдер арасында:
1 орын – 24,73 секунд нәтижесімен Дзолба Оксана, Алматы қаласы
2 орын – 24,76 секунд нәтижесімен Сыромяжко Юлия, Астана қаласы
3 орын – 24,80 секунд нәтижесімен Печатнова Любовь, Астана қаласы

Жеке және командалық сынақтардағы жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Чемпион командаларға жеңімпаздар кубогы табысталды.

Жеке жарыста жүз метрлік жолақтан өтуде үздік нәтиже көрсеткендер Чемпионатта «Алтын бұранды» номинациясымен марапатталды.

«Алтын бұранды» номинациясының жеңімпаздары

Ерлер арасында
16,13 сек нәтижесімен Шәріпханов Ержан, Абай облысы

Әйелдер арасында
16,67 сек нәтижесімен Печатнова Любовь, Астана қаласы

Үздік спортшылар 2025 жылғы 15-18 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогына қатысу үшін іріктеледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button